Қоғам

Қазақстанда тағы бір облыстың бас дәрігері қызметінен кетті

© REUTERS / YVES HERMANМедсестры в больнице с коронавирусом
Медсестры в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы денсаулығына байланысты өз еркімен орнын босатқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.  

"Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті", - деді әкімдіктен.  

Басқарма басшысының міндетін оның орынбасары Ләззат Есенғалиева атқарады.

Соңғы дерек бойынша Маңғыстау облысында барлығы 12 адам коронавирус жұқтырған.

Еске сала кетсек, 18 сәуірде Атырау облысының бас дәрігері де орнын босатты. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Байтолла Ғазизов қызметінен өз еркімен кеткені хабарланған еді.

Жаңалықтар
0