НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. 20 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауындағы бірнеше көше жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімі мен қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, Сәтпаев көшесі бойымен Б.Момышұлынан Мұңайтпасовқа дейін, Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Сарыарқа даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
"20 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Жол төсемін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі", – делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қала қонақтары жол кептелістерін болдырмау үшін жол қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында биыл 150 көше жөнделеді деп жоспарлануда. Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды.