НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер карантин кезінде қазақ тілін үйреніп жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желілерде қазақ тілін қашықтан оқып жатқан елшінің видео пайда болды.
"Мен қазақ тілінің адамдар арасында күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Орыс тілін алматылық такси жүргізушілерінің арқасында үйрендім деп әзілдейтінім бар. Ал енді елшілік мұғалімінің көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын", – деді Мозер.
Оның айтуынша, Google оған жақсы көмектескен әрі өзінің ынта-жігерімен мұғалімдерді таңғалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгінде Мозер апта күндері мен айлардың қазақша атауын меңгерген. Осындай еңбекқорлығы үшін ол "өте жақсы" деген баға алыпты.
Айта кетейік, бұған дейін Уильям Мозер тұрғындарды Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтаған болатын. Ол қазақтың ұлттық шапанын киіп, қазақстандықтарға бейбітшілік пен денсаулық және бақыт тілеген.
Оқи отырыңыз: АҚШ елшісі Қазақстанның коронавирус қаупіне дайындығы жайлы мәлімдеме жасады