АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"Алматы қаласында – 14 адам, Шымкент қаласында – 3, Қостанай облысында бір адамнан коронавирус анықталды", - делінген ақпаратта.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны 1 775 адамға жетті.
- Алматы қаласы – 549
- Нұр-Сұлтан қаласы – 383
- Қызылорда облысы – 149
- Қарағанды облысы – 93
- Шымкент қаласы – 83
- Ақмола облысы – 82
- Атырау облысы – 80
- БҚО – 63
- Жамбыл облысы – 61
- Түркістан облысы – 60
- Алматы облысы – 44
- СҚО – 30
- Павлодар облысы – 30
- Ақтөбе облысы – 27
- Қостанай облысы – 21
- Маңғыстау облысы – 12
- ШҚО – 8.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 428 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3,Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанайоблысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.