Қоғам

Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды 

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивное фото
Калькулятор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда карантин кезінде қандай санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерді өтеуге 15 мың теңгеден берілетіні анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин уақытында тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірленді, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені кімдер қайтаратынын мәлімдеді

Карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.   

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек.

Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.    

Жаңалықтар
0