Қоғам

Жандарбек Бекшин жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевЖандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының бас санитар дәрігері қызметін бұған дейін Айзат Молдағасымова атқарды, Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері оны жала жапты деп айыптаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының жаңа бас санитар дәрігері болып Жандарбек Бекшин тағайындалды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден бастап Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Айзат Молдағасымова атқарған еді. Оның кезінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды. Қаланың бас санитары бұған дәрігерлердің  қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Алайда ақхалаттылар Молдағасымованы жала жапты деп айыптап, президенттің атына хат жазды.

Тағы оқыңыз: Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Соңғы дерек бойынша Алматыда 234 медицина қызметкері індетке шалдыққан.

Жандарбек Бекшин бұған дейін ұзақ жылдар Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметін атқарды.

20 наурызда оның орнына Айжан Есмағамбетова келді.

Жаңалықтар
0