Оқиға

Алматыда жас полицей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАстанада жедел жәрдем көлігі
Астанада жедел жәрдем көлігі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімшілік полиция инспекторы түнгі кезекшіліктен кейін өз көлігімен үйіне бара жатқан, оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Алматыда әкімшілік полицияның 28 жастағы қызметкері жол апатынан ажал құшты. Апаттың себептері тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 18 сәуір таңертең Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында болған.

© Sputnik / СтрингерАлматыда полицей жол апатына түсті
Алматыда жас полицей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Алматыда полицей жол апатына түсті

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry-35 автокөлігі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Жароков көшесімен қиылысар тұсқа жақындаған кезде, жүргізуші рөлге ие бола алмай, бордюрге қарай ұшып кетіп, кейін жерасты өткелінің қоршауына соғылған.  

"Жол апаты салдарынан полицей ауыр жарақат алды. Дәрігерлер өміріне араша түсе алмады, өкінішке қарай, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жүргізушінің қанынан алкоголь табылған жоқ. Апаттың мән-жайы тергеу барысында анықталады", -деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар белгіленді.

Алматы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның жақындарына көңіл айтады.

Жаңалықтар
0