Қоғам

Алматыда коронавирус жұқтырған бес науқас хәл үстінде жатыр

© Photo : pixabay.comЖансақтау бөлімінде жатқан әйел
Жансақтау бөлімінде жатқан әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша вирус жұқтырғандардың ең көбі Алматыда тіркелген, қалада 505 адам індетке шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырған бес науқас өте ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі таңда қаланың инфекциялық стационарларында 422 пациент емделіп жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бес адам хәл үстінде. Тағы бесеуінің жағдайы – ауыр, 106 науқас – орташа, қалғаны қанағаттанарлық жағдайда.

"Провизорлық госпитальдарда 298 адам жатыр, олардың 18-і балалар, 418 адам – карантиндік изоляцияда, 7992 адам үй карантинінде", - деп мәлімдеді Алматының денсаулық сақтау басқармасынан.

Тағы оқыңыз: Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады

17 сәуірде Алматыда 13 науқас дертінен айығып шыққан.

"Жазылып шыққан он адам  – шетелден келгендер. Алтауы Ыстамбұлдан, екеуі Дубай, біреуі Минск және тағы біреуі Италиядан. Тағы бір адам – Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері, біреуі науқаспен жақын байланыста болған адам және 2007 жылғы қыз бар", - деп нақтылады басқармадан.

Ауруханадан шыққан он үш пациент он төрт күн бойы үй карантинінде болады.

Қалада вирустан емделіп шыққандар саны 84 адамға жетті.

Жаңалықтар
0