Аңдатпа

Қазақстанда 19 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : Пресс-служба театра "Астана Балет" "Астана Балет" театрының "Ұлы дала мұрасы" қойылымынан үзінді
Астана Балет театрының Ұлы дала мұрасы қойылымынан үзінді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 19 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 20-24 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

19 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 – Нұр-Сұлтандағы Успен кафедралды соборынан Пасха кезіндегі Құдайға құлшылық ету рәсімінің онлайн-трансляциясы www.instagram.com/pravoslavie_v_astane

11.00 - Иерусалимнен Нұр-Сұлтанға қасиетті отты жеткізу салтанатының онлайн-трансляциясы www.instagram.com/pravoslavie_v_astane

14.00 – Пасха мерекесіне арналған концерт (трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

18.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" жобасы аясындағы "Театр сауық кеші" айдары (трансляция театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns парақшасында жасалады).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Тікелей эфирдің қонағы – Самал Еслямова (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

20 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Светлана Фортуна мен Иван Анопченконың "Шығармашылық карантин" жобасы аясындағы тікелей эфирі (театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns ресми парақшасында трансляция жасалады).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Эфир қонағы – Ақан Сатаев (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

20.00 – Қазақстан, Ресей, Голландия және Германия әртістері қатысқан жұлдызды гала-балеттің көрсетілімі. 20 сәуірден бастап "Астана Балет" театры "Eurasian Dance Festival" бірлесіп, елорда театрының сахнасында халықаралық балет өнері фестивалі аясында өткен гала-концерттер мен қойылымдардың онлайн-трансляциясын бастайды (Трансляция театрдың ресми YouTube-каналында).

22 сәуірге жоспарланған шаралар

20.00 – танымал испаниялық Castro Romero би триосынан "Escencia Flamenca" бағдарламасының онлайн-көрсетілімі (Трансляция "Астана Балет" театрының ресми YouTube-каналында).

24 сәуірге жоспарланған шаралар

22.00 – Қытай ұлттық балеті бағдарламасының онлайн-көрсетілімі. Бағдарлама 2018 жылы жазда Нұр-Сұлтанда "Eurasian Dance Festival" фестивалінде таныстырылған болатын (Трансляция "Астана Балет" театрының ресми YouTube-каналында).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0