НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырау шарасын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқи отырыңыз: Министрлік биыл оқушылар жазғы демалысқа қашан шығатынын хабарлады
Вице-министр биыл 9 және 11-сыныптарда қорытынды аттестаттаудың болмайтынын тағы бір мәрте еске салды. Мектептерде емтихан болмайды. Ал аттестаттар барлық пән бойынша жылдық қорытындының негізінде беріледі.
"Ал енді соңғы қоңырау мәселесіне келер болсақ, бұл – оқу жылы аяқталған кезде өтетін салтанатты шара. Қазір оқушыларға қашықтан білім беріліп жатыр, егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмайды", - деді Каринова бүгінгі онлайн брифингте.