Әлем

"Мұндайды ешқашан көрген емеспін": медбике ауруханадағы жағдай туралы ашық айтты

© REUTERS / SUSANA VERAМедики плачут из-за гибели их коллеги от коронавируса
Медики плачут из-за гибели их коллеги от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін жедел респираторлық вирусқа шалдыққандар көп болған кезде де жансақтау бөліміне тек 1-2 адам ғана жеткізілгенін айтып отыр. Ал қазір жансақтау бөлімінде бос орын жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. Ресей астанасындағы №40 аурухананың медбикесі коронавирус адам өкпесін бірер сағат ішінде қалай зақымдайтынын айтып берді, деп хабарлайды "Комсомольская правда".

"Бұл өте агрессивті ауру. Таңертең бізбен бірге шай ішіп отырған әйелдің өкпесінен түсте еш нәрсе қалған жоқ. Қорқынышты. Біз мұндайды ешқашан көрген емеспіз. Түсініксіз вирус. Сондықтан үйде отырыңыздар. Қарияларға қамқор болыңыздар", - деді аты-жөнін жариялағысы келмеген медбике.

Оның айтуынша, науқастар өте көп. Жедел респираторлық вирусқа шалдыққандар көп болған кезде де жансақтау бөліміне тек 1-2 адам ғана жеткізілгенін айтып отыр.

"Қазір жансақтау бөлімінде бос орын жоқ. Мен телефонымдағы қадамдарды өлшейтін қосымшаға қарадым. Күніне 24 шақырым жүреді екенмін. Жұмыста отыруға мүмкіндік жоқ", - деді медбике.

Медицина қызметкері кейбір адамдар аурудың қаншалықты ауыр екенін түсінбей отырғанын айтты. 

"Менің қолымда болса, бәрін Қытайдағы сияқты қатаң карантинге жауып тастайтын едім", - деді ол.

Тағы оқыңыз: "Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді

Жаңалықтар
0