Қоғам

Бір науқас коронавирусты 80 адамға жұқтырған – бас санитар дәрігер

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айжан Есмағамбетова дертке шалдыққандардың 70 процентінде ауру белгілері байқалмайтынын, бұл жағдайды қиындатып отырғанын айтты 

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Індетке шалдыққан науқас вирусты 80 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Инфекцияның таралуын талдау барысында бір науқастың вирусты жақын араласқан 80 адамға дейін жұқтырғанын байқадық. Көршілер карантинде болса да, бір-бірімен араласып, вирусты бір біріне жұқтырып жатыр. Мұндай оқиғалар бізде кездеседі. Орташа есеппен алғанда бір науқас 30 адаммен жақын байланыста болған", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігер дертке шалдыққандардың 70 процентінде ауру белгілері байқалмайтынын және бұл жағдайды қиындатып отырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда екі адам абақтыда коронавирус жұқтырған 

"Бұл дегеніміз, сырттай cау көрінген адам айналасындағыларға вирус жұқтырып жүр деген сөз. Тиісінше, карантин шаралары дәл қазір коронавирустың алдын алудың жалғыз жолы. Сол себепті үйде отырыңыздар, карантин аяқталғанға дейін себепсіз далаға шықпаңыздар. Тәртіпке бағынсақ, қалыпты өмірімізге тезірек ораламыз", - деді ол.

Соңғы дерек бойынша республикада барлығы 1498 адам коронавирус жұқтырды.

Есмағамбетованың айтуынша, вирус жұқтырғандар 31 мың адаммен жақын байланыста болған.

Жаңалықтар
0