НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасының 9 адамы емделіп шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдай жөніндегі штаб.
Дертінен сауыққандар – 2 бала, олардың біреуі 1 жасқа толмаған, жетеуі – ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық анализдері теріс нәтиже көрсетті.
"Осыған байланысты Шымкентте 3 нысаннан: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесінен карантин алынды", - делінген хабарламада.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов науқастарға уақытылы көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.
"Медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін: ауруынан сауығып шыққандар уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында ғана емделіп шықты", - деп жазды Әйтенов.
Оқи отырыңыз: Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады
Ол оқшаулану режимін сақтауды жалғастыру керек екенін еске салды, өйткені бұл аурудың одан әрі таралуын осылай ғана тоқтатуға болады.