НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар Ресей азаматтығын бұл елде бес жыл тұрмай-ақ ала алады.
Ресей парламентінің төменгі палатасы ел азаматтығына жеңілдетілген қабылдау туралы заң қабылдады.
Оқи отырыңыз: Омбы қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап қалды?
Осы құжат арқылы Ресейде бес жыл болу және азаматтығы жоқ ересектер үшін өмір сүрудің заңды көзінің болуын растау талабы (егер олар КСРО азаматтығына ие болса, одақ құрамына кірген мемлекеттерде тұрып, өмір сүрсе, осы мемлекеттердің азаматтығын алмаса) алынып тасталады.
"Ресей азаматтығына жеңілдетілген қабылдау құқығын тұруға ықтиярхаты бар, бірақ Ресейде бес жыл өмір сүрмеген Молдова, Украина, Беларусь және Қазақстан азаматтарына беру ұсынылып отыр", - делінген Мемлекеттік думаның сайтында.
Бес жылдық мерзім және табыс көзін растау туралы талап Ресей азаматымен некеде тұрған және бала тәрбиелеп отырған шетелдіктерге қолданылмайды.
Сондай-ақ, бұл міндеттеменің кем дегенде бір ата-анасы Ресей Федерациясының азаматы саналатын және Ресейде тұратын шетелдіктерге қатысы жоқ.