Қоғам

Қазақстанда пітір садақа мөлшері бекітілді

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города, Нур-Султан, Мечеть "Хазрет Султан"
Виды города, Нур-Султан, Мечеть Хазрет Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал, дейді діни басқармадағылар

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті.

Астанада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен діни басқармасының Рамазан айы қарсаңындағы дәстүрлі төралқа мәжілісі өтті.

"Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді", - деп хабарлады muftyat.kz.

Пітір садақаның құны ұнның республикадағы орташа нарықтық бағасымен шығарылды.

"Материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал", - деп атап өтті діни басқармадан.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдай кезінде марқұмның қырқы мен жылын беруге бола ма – Бас мүфтидің жауабы

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Былтыр пітір садақаның мөлшері 300 теңге болған еді. 

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады.

Жаңалықтар
0