Қоғам

Алматыда желіні шулатқан үш ер адам ұсталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция желіде жарияланған видеоның толық емес екенін айтты. Видео авторы полицейлерді кінәлі етіп көрсету үшін видеоны қысқартып тастаған

АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда полицейлерге қарсы шығу ісіне қатысы бар үш күдікті қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

30, 28 және 34 жастағы үш ер адамға қатысты қылмыстық кодексінің 380-бабы ("билік өкiлiне қатысты күш қолдану") және 378-бабы ("билік өкілін қорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Азамат А. полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"1992 жылы туған азамат әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 478-бабына сәйкес, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген ақпаратта.

Әкімшілік қамау мерзімі аяқталғаннан кейін азамат Л. қылмыстық іс аясында қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаның авторы 1986 жылы туған азамат Б. билік өкілін көпшілік алдында қорлау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Полиция жазба авторының балағат сөздер айтқанын атап өтті.

Айта кетейік, Алматыда екі жігіт полицияның патрульдік тобына бағынбады. Тағы бір азамат оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге толық емес ақпаратты жариялаған.

Оқиға Алматы қаласы Медеу ауданы Қайырбеков пен Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінің жанында болған.

Патрульдік топтың карантин режимі ережелерін сақтау туралы ауызша ескертуіне екі ер адам жауап қайтарған. Олардың бірі учаскелік инспекторға бағынбай, оның киімін жыртып тастады.

Сонымен қатар полиция желіде жарияланған видеоның толық емес екенін айтты. Видео авторы полицейлерді кінәлі етіп көрсету үшін видеоның жартысын қысқартып тастаған.

Жаңалықтар
0