Әлем

Әлемде "Үлкен үштік" қайта жандануы мүмкін бе?

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАллея флагов возле здания Организации Объединённых Наций (ООН) в Женеве
Аллея флагов возле здания Организации Объединённых Наций (ООН) в Женеве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде коронавирус эпидемиясынан кейін әлемдік тәртіпті негізінен Қытай, АҚШ және Ресей қалыптастырады деген идея түрлі бақылаушылар арасында айтыла бастады (мысалы, South China Morning Post-та)

Бірақ мұндай әңгіме осы кезге дейін "Үлкен үштік" аясында эпидемиядан бұрын мәлім болған еді, деп жазады РИА Новости сарапшысы Петр Акопов.

АҚШ басқа десек те, үштік құрамына Еуроодақты батыстың біртұтас кіші серіктесі ретінде емес, әлеуетті әрі толығымен тәуелсіз күш ретінде қосуға болатын еді. Бұл күштің проблемасы сол – қазір олар өзін-өзі тану дағдарысын бастан кешіруде.

Яғни, өздері болашақта Америкаға бағынбайтындығын түсінгенімен, әлі өздігінен ойнауға ерік пен қабілеті жоқ. Еуропада болашақтағы орын мен рөл туралы жаһандық көзқарас жоқ. Мұны үнемі Эммануэль Макрон ғана айтып жүр. Алайда коронавирустан туындаған дағдарыс субъективтіліктің оралуын тездетпейді, керісінше біртұтастық сезімін біршама әлсіретеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев АҚШ, Ресей, Қытай және Еуроодақты өзара түсінісуге шақырды
Қалай десек те, алдағы қысқа мерзімді екі-үш жыл ішінде әлемдік тәртіпті қайта құруда дәл осы үш белсенді ойыншы шешуші әсер етеді.

Қытай және АҚШ-пен салыстырғанда Ресейдің экономикалық әлсіздігі – оны "Үлкен үштікке" мүше болу мәртебесінен айырмайды. Өйткені ол барлық бағытта – тарихи тәжірибе мен геосаяси ойындағы беделі әрі белсенділігімен басымдыққа ие. 2014 жылдың көктемінде Ресей дүниежүзілік тарихтың жаңа бетін ашты. Қырымға қатысты Украинаның арандатуына жауап берді.Ал  АҚШ Ресейді бүкіл әлемнен оқшаулауға тырысып, жалпыға бірдей бойкот жариялады.

Бірақ бұл әрекет сәтсіздікке ұшырап, барша америкалық әлем Атлантикаға дейін, тіпті НАТО алдында тарылып кеткенін көрсетті. Ресей шығыс пен оңтүстікке бекер бұрылған жоқ. Ол әлемнің қалған бөлігінде атлантикалық тәртіпке қарсы науқанның стандартты қозғаушысы болды. Кремльдің шебер геосаяси ойыны Қытай мен АҚШ-қа қарағанда Ресейдің экономикалық салмағының жеткіліксіздігін өтейді.

АҚШ – құлдырап келе жатқан держава, Қытай – күш алып жатыр, ал Ресейдің орны қандай? Ресей жаңа ережелер шығаруға өкілеттігі бар ережелер орнатады. Ресей Қытаймен бірге постамерикалық әлемнен мультиполярлы әлемге – бірнеше күш орталықтарымен қоса, жаһандық тепе-теңдік пен бәсекелестікте әлемдік тәртіптің жаңа контурын құра алады. Бұл мәңгілік емес, бірақ құлағаннан гөрі әлдеқайда тұрақты. Осы тұрғыдан алғанда, Қытай мен Ресей нағыз одақтас.

АҚШ үшін соңғы жарты ғасырда Ресей–АҚШ–ҚХР үшбұрышы аясындағы қатынастар Киссинджер өсиетіне сәйкес қарастырылды: Вашингтонның Ресей мен Қытай қарым-қатынасына қарағанда, Мәскеу мен Бейжіңнің жеке қатынасы жақсырақ екеніне көз жеткізу. Бұл формула ұзақ уақыт жұмыс істемеді және Си Цзиньпиннің билігі басталғаннан бері, яғни 2012 жылдан бастап мүлдем мүмкін болмай қалды. Сонымен бірге АҚШ оның үлкен болашағына сенуді жалғастырды.

Первый виртуальный саммит G20, посвященный борьбе с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
G20 саммиті: қалай өтті және қандай мәселе көтерілді
Тіпті, 2014 жылы олар Киссинджердің оны Қытайға итермелейтін Ресейден оқшаулау әрекеті қаупі туралы кеңесіне құлақ аспады. Шын мәнінде, Ресей мен Қытай Қырымға жақындады және онсыз бұл стратегиялық бағытты жалғастыра бермек. Батыс пен Ресей арасындағы қақтығыс осы процестерді тек жеделдетті.

Бірақ Вашингтон қиялға беріле берді: алаңдайтын ештеңе жоқ, Ресей мен Қытайдың арасында терең және орны толмас қайшылықтар бар, олардың мұндай одағы тұрақты болмайды, олардың арасындағы салқынқандылық шиеленіске ұласады, сондықтан АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына ешқандай қауіп төндірмейді деген сенім болды.

Осындай күйдегі АҚШ билігіне 2016 жылы Дональд Трамп атлантикалықтар үшін күтпеген тұста келді. Ол Қытаймен сауда соғысын бастап Ресейге жақындағысы келген. Яғни, Киссинджер схемасы бойынша дәл әрекет еткен сияқты. Әрине, Трамп, Путин және Си арасында келісімге қол жеткізу әлі де қиын – тараптар арасындағы геосаяси, сауда, қаржылық және басқа да қайшылықтарды ешкім де жоя алмайды.

Трамп – Путин – Сидің өзара жақындасуы коронавирус алдындағы айқын себептермен ғана қалыптаса бастаған жоқ және бұл Қытаймен болған сауда соғысымен мүлдем байланысты емес. Бұл Трамптың оқшаулану рухында болды және оның белсенді кезеңі жаһандық пандемия қарсаңында ішінара келісімге қол жеткізумен аяқталды. Әрине, Трамптың өзі жиі жүгінетін көпжақты қысым жасау саясаты Қытай мен АҚШ арасындағы үлкен стратегиялық әңгіме мүмкіндігіне кедергі келтірді. Оның осындай әрекеті, тіпті Путинмен байланыс орнату мүмкіндігін де жауып тастады.

Дегенмен, Владимир Путиннің биылғы қаңтарда Иерусалимде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – ядролық державаларының саммитін өткізу туралы айтқан бастамасын алғашқы қадам деп санауға болады. Brexit аясында АҚШ пен Ұлыбританияның англосаксондық бірлігі (әсіресе, геосаяси) біртұтас болғандықтан "Үлкен бестік" – Еуропаның толықтыруымен шын мәнінде "Үлкен үштік" болатынын меңзеді президент Макрон. Бәрі де Путиннің идеяларымен келісіп, саммиттің қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетіндігін алдын ала жоспарлады. Өйткені осы кезде БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы болады.

Мюнхенская конференция по безопасности - Sputnik Қазақстан
"Мюнхен" қорытындысы: халықаралық жиын қалай өтті
Күзге қарай пандемия бәсеңдеген шақта Путин мен Си Цзиньпин, Макрон мен Джонсон сияқты Нью-Йоркке келе алады. Әрине, АҚШ Қытайға қарсы абдырап қалмаса оны қарапайым ойлы да, саналы атлантикалық саясаткерлер жоққа шығармайды. Мысалы, сенатор Линдси Грэм: "Коронавирустық инфекция мен жұмыссыздық салдарына, америкалықтардың өліміне Қытай жауап береді. Сондықтан АҚШ Қытайды қатаң жазалауы керек. Ал мен Қытай алдындағы қарызымыздың бір бөлігін есептен шығаруды қалаймын, өйткені біз оларға емес, олар бізге төлеуі керек", – деді.

Егер Трамптан осындай нәрсе шықса, онда қыркүйек айында қандай да бір саммит туралы сөз болмас еді. Си Цзиньпин де онымен кездесуден бас тартатын еді. Бірақ Трамп ондай үнмен сөйлемейді, өйткені тараптардың Америкада кездесуі Қытайдан бұрын өздеріне маңызды. Бұл Ресейге де қажет. Коронавирус індетінен кейін әлемдік тәртіп туралы неғұрлым тезірек келісе бастаса, ол бәріне жақсы.

Әзірге "Үлкен үштік" тек Сталин, Рузвельт және Черчильмен ғана байланысты. Бірақ көп ұзамай ол жаңа атауға ие болуы мүмкін, егер Трамп қараша айында АҚШ президенті болып қайта сайланса. Содан кейін 2021 жылы әлемде пайда болған жаңа актіні көреміз.

Жаңалықтар
0