Қоғам

Төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексеріледі

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в карантинном Нур-Султане выстраиваются в очереди перед отделениями банков
Люди в карантинном Нур-Султане выстраиваются в очереди перед отделениями банков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік төлемді заңсыз алғандар жауапқа тартылуы мүмкін, бірақ оған жеткізбей, ақшаны қазір қайтаруға мүмкіндік бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алған адамдардың мәліметін қайта тексеріп шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 42 500 теңгеге өтінім бергендердің ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер бар. Тіпті, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де әлеуметтік төлемге тапсырыс берген. Осыған байланысты төтенше жағдайдан кейін барлық төлем тексеріледі.

"Төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулар қайта қаралады. Әрбір өтінімде көрсетілген деректердің шынайылығы тексеріледі. Қазақстан азаматтары 42 500 теңгеге өтінім бере отырып, төтенше жағдайға дейін кірістің болғанын және оны жоғалтқанын растайды. Ал әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы қылмыстық кодекстің 190 және 195-баптары бойынша қаралады", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда комиссия әлеуметтік төлемді қайтаруға болатынын ескертіп отыр. Егер өтініш беруші әлеуметтік төлемді қайтаруға шешім қабылдаса, онда ақшаны келесі шотқа жіберуге болады:

Алушының атауы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

 БСН: 160440007161

 БСК: GCVPKZ2A

 ЖСК: KZ67009SS00368609110

 ТТК: 049

Ал Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады.

Жаңалықтар
0