Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады

Жазылу
"Бекіре" кең көлемді акциясы шеңберінде браконьерлерден балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, Ф-1 қол гранатасы тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжанның 4 азаматын ұстады.

"Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі – "қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" және 392-бабы –"Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қорықшыны өлтірген браконьер сотта жылап жіберді – видео 

 

Жаңалықтар
0