Қоғам

"Көңіліміз қалды": Қарақат Әбілдина жазба жариялады

© Photo : Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіҚарақат Әбілдина
Қарақат Әбілдина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әбілдина қоғам арасында садақаны жиі беретіндердің тізімінде әншілердің тұрғанын алға тартып, оларға орынсыз тіл тигізбеуге шақырды

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Әнші Қарақат Әбілдина Instagram парақшасында әншілерге сын айтатындарға арнап жазба жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Отырсақ опақ, тұрсақ сопақ болғанымыз рас. Қит етсе, бізді сынау әдетке айналды. Елдегі болып жатқан бар жағдайға әншілер кінәлі. Не істейміз енді? Еш шақыруға бармайық, концерт бермейік, әлеуметтік желіден көрінбейік пе? Қазір онсыз да бәрінен көңіліміз қалды", – деп жазды әнші.

Айтуынша, әншілер қауымы халықтың алдында әлсіздігін көрсеткісі келмейді. Үйсіз жүрсе де, жарқырап жүруді өнердің талабы деп санайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

"Әншілер жарқырап жүрсе, өнер талабы сол емес пе? Сахна шартына сай жарқырап жүруге бар тапқан табысымызды саламыз, көрермен алдындағы жауапкершілік деген бар. Айыбымыз да осы шығар. Алайда, бұл әншілердің төрт құбыласы тең дегенді білдірмейді ғой. Барлығымызда басымыздан асатын мәселе жетеді, ағайын-туысқа қарасамыз, бала-шаға бар. Басында баспанасы жоқ әріптестер қаншама. Бірақ елдің алдында ешкім әлсіздігін көрсетпеуге тырысады", – дейді Әбілдина.

Қарақат Әбілдина тапқан табысы ұзақ жылғы еңбектің жемісі екенін айтып, садақаны жиі беретіндердің тізімінде әншілердің тұратынын тілге тиек етті.

"Табыс тапсақ, ешкімнен тартып алып жатқанымыз жоқ, ұзақ жылғы еңбек, Алланың берген несібесі. Садақаны ең көп беретін де әншілер, бірақ оның бәрін жариялап, есеп беру міндет емес. Жұрттың бәрін жарылқау тағы мүмкін емес. Өкінішке қарай, себепті-себепсіз әншілерге тіл тигізу көбейді", – дейді ол.

Сонымен қатар әнші оқырмандарды қиын-қыстау күндерден бірлесе аман өтуді ойлауға шақырды. Сондай-ақ, әншілерге айтылатын сынның әділ болғанын қалайтынын жеткізді.

"Бір-бірімізді табаламай, осындай қиын кезеңнен ел болып бірге аман өтуді ойласақ екен. Сын жөнімен, әділ айтылса екен дейміз. Қазақтың жауы әншілер емес қой. Роза Бағланова апаларымыз кезінде жауынгерлердің еңсесін көтеруге атсалысса, бүгінгі заманда біз де елді сабырға шақырып, көңіліне демеу болуға үлес қосудамыз", – деп жазды Әбілдина.

Жаңалықтар
0