Өңірлер

Шымкентте көз жұмған науқас туралы ақпарат шықты

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пациент жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Алайда бүгін кешкі бесте қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан көз жұмған он алтыншы адам туралы ақпарат шықты.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы нашарлауына байланысты ол 4 сәуірде Жетісай ауданынан Шымкент қаласына ауыстырылған.

"Бірінші сәуірде ер адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Төртінші сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты санитарлық авиация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы ауыр болды, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Емдеу хаттамасына сәйкес, жүргізілген іс-шараларға қарамастан, 15 сәуірде 15:00-де науқас қайтыс болды", - деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

1954 жылы туған науқас Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының тұрғыны, зейнеткер. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирус инфекциясымен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған.

"Науқаста коронавирус инфекциясы, екіжақты полисегментарлы пнемония, тыныс алудың қиындауы, бауыр циррозы, қант диабеті. Пациент жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева брифингте.

Елімізде коронавирус індетінен 16 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам, Алматы қаласында 2 адам, Шымкентте 3 адам, Ақмола облысында 4 адам, Шығыс Қазақстанда облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қостанай облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Түркістан облысында 1 адам. 

Тағы оқыңыз: "Мамырдан бастаймыз": Назарбаев Байбекке тапсырма берді

Жалпы, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1290 адамға жетті. 240 адам сауығып шықты. 




Жаңалықтар
0