Өңірлер

Қостанай облысы карантинге жабылады

© Photo : пресс-служба Департамента по делам обороны Алматы Блок-пост по направлению к Талгару
 Блок-пост по направлению к Талгару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 сәуір, сәрсенбі күні коронавирустан Жітіқара тұрғыны көз жұмды. 17 сәуірден бастап Қостанай облысы карантинге жабылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы 17 сәуірден бастап карантинге жабылады. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов тұрғындарға үндеу жасады. 

Үндеу мәтіні әкімдіктің ресми сайтында жарияланған.

Әкім 17 сәуір 00.00-ден бастап 1 мамыр 7.00-ге дейін карантин режимі енгізілетінін айтты. Ол дәрігерлер, полицейлер мен күшейтілген режимде жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлеріне құрметпен қарауға шақырды.

"Біз талай қиындық көрдік, бірақ үнемі алға жылжыдық. Бұл жолы да қиындықты еңсереміз. Біз біргеміз!", - деді облыс басшысы.

Еске сала кетсек, 15 сәуір күні Қостанай облысында коронавирустан ер адамның қайтыс болғаны айтылды. Барлығы өңірде бес жағдай тіркелді.

Жаңалықтар
0