Қоғам

Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты

© REUTERS / KHALIL ASHAWIПробирки с пробами на коронавирус
Пробирки с пробами на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы елде 220 адам коронавирустан жазылып шықты. Қазіргі уақытқа дейін 1275 адамда COVID-19 расталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір - Sputnik. Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Ақмола облысында - 4, Алматы облысында - 1 адам індеттен айықты", - деп жазылған хабарламада.

Барлығы елде 220 адам коронавирустан жазылып шықты. 1275 адамда COVID-19 расталған болатын. 15 адам көз жұмды.  

Бүгін, 15 сәуір күні Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған он бесінші адам туралы ақпарат таратты.

12 сәуірде Жітіқара қаласының екі тұрғыны – 1945 жылғы ер адам мен 1955 жылғы әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жетізілген. Екеуінің де дене қызуы мен демікпесі болған.

Тағы оқыңыз: Тойға барамын деп ауруханаға түсті - коронавирусты жеңген қарияның әңгімесі

Пациенттер аурудың алғашқы белгілерін 5 сәуірде байқаған. Екеуі де коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жітіқара қаласынан шықпаған. Алайда, сынама кезінде екеуінен де коронавирус табылды.

Жаңалықтар
0