НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны тағы 8 адамға көбейді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
- Қарағанды облысы – 1,
- Ақтөбе облысы – 1,
- Нұр-Сұлтан қаласы – 3,
- Ақмола облысы – 1,
- Қызылорда облысы – 2.
Қазақстан бойынша барлығы 1 275 адамның инфекция жұқтырғаны расталды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 294 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында - 81 адам, Ақмола облысында - 80 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 24 адам, Ақтөбе облысында - 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 11 адам, Маңғыстау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 126 адам, Батыс Қазақстан облысында - 18 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам.
Қазақстанда коронавирус індетінен 15 адам қайтыс болды. Төтенше жағдай режимі бірінші мамырға дейін ұзартылды.