Қоғам

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы бір адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиБольницу для зараженных коронавирусом оборудовали в Петропавловске
Больницу для зараженных коронавирусом оборудовали в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1290 адамға жетті, 240 адам сауығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетінен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. 

"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1954 жылы дүниеге келген", - делінген хабарламада. 

Осылайша Қазақстанда коронавирус індетінен 16 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам, Алматы қаласында 2 адам, Шымкентте 3 адам, Ақмола облысында 4 адам, Шығыс Қазақстанда облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қостанай облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Түркістан облысында 1 адам. 

Жалпы, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1290 адамға жетті. 240 адам сауығып шықты. 

Жаңалықтар
0