Қоғам

Нұр-Сұлтанда сауда орталығында зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталды   

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуНадпись Nursultan в столице Казахстана
Надпись Nursultan в столице Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция "Әлем" сауда орталығында болған қайғылы жағдайға коронавирус індетінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов "Әлем" сауда орталығына барған зейнеткердің неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз ол оқиға туралы білеміз. Сот-медициналық сараптама бойынша 70 жастағы әйел екінші рет инфаркт алған. Ол кісі қант диабетімен ауырған. COVID-19 індетіне еш қатысы жоқ", - деді Сәденов бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, наурыздың соңында астаналықтар арасында зейнеткердің өліміне қатысты видео тараған болатын.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 82 жастағы науқас коронавирустан жазылды

Ресми ақпаратқа сәйкес, 27 наурызда "Әлем" сауда орталығының бірінші қабатында зейнеткер әйел есінен танып, құлап қалған. Ол жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған. Сол кезде полиция әжейдің қалтасынан бас, бүйрек пен гипертонияның дәрісін тапқан. Ол қант диабеті және қан қысымымен диспансерде тіркеуде тұрған.

Жаңалықтар
0