Өңірлер

Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

© Photo : pixabay.comГорящая спичка, иллюстративное фото
Горящая спичка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жерасты тау кен өндірісінде өрт шығып, екі жүзден аса адам қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланды. Жұмыс тоқтатылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда Риддер-Сокольный кен орнының жұмысшылары эвакуацияланды, деп хабарлайды өңірлік YK-news.kz басылымы.

"14 сәуір күні жерасты өндірісінде өрт болу қаупіне байланысты 206 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деп хабарлады Риддердің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы.

Төтенше оқиғаға отты пайдалану ережесінің сақталмауы себеп болуы мүмкін екені айтылды. 

Өндірісте жұмыс тоқтатылған жоқ.

"Қазмырыш" ЖШС тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный алтын кен орны Риддердің шетінде орналасқан. Орталықтан шамамен үш шақырым жерде.

Жерастында жылына орташа есеппен 1,6 миллион тонна кен өндіріледі. Құрамындағы алтын тоннасында екі грамм деңгейінде.

Жаңалықтар
0