Экономика

Жыл басынан бері Қазақстанның ЖІӨ қанша процентке өскені айтылды

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр национальной экономики Руслан Даленов
Министр национальной экономики Руслан Даленов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір әлемдік экономика күрделі жағдайда болғанымен, ел экономикасының базалық салалары оң динамика көрсетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнім 2,7%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр қазір әлемдік экономика күрделі жағдайда екенін атап өтті. 

"Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнім өсімі 2,7%-ті құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ке өсті. Жылдық инфляция 6,4%-ке жетті", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Экономиканың базалық салалары оң динамика көрсетіп отыр. Құрылыс –11,7%, байланыс қызметтері – 10,5%, өнеркәсіп – 5,8%, ауыл шаруашылығы – 2,5%-ке өсті.

Сонымен қатар, осы жылдың наурызында жекелеген салаларда өсім төмендеген.

Сауда өсімі – 3,6%, көлік – 4,7%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 12,1% азайған.

Жалпы өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8% деңгейінде сақталды. 15 өңірде өсім байқалып отыр.

Өңдеу секторында өсім 8,8% деңгейін құрады. Бұл фармацевтика (32,2%-ке), машина жасау (30,4%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (22,7%-ке) және жеңіл өнеркәсіп (14,2%-ке) саласында.

Оқи отырыңыз: Жалпы ішкі өнім 0,9%-ке төмендейді – министр 

Өңдеу секторында Жамбыл облысынан (-3,9%) басқа барлық өңір оң серпін көрсетті.

Жыл басынан бері 2,6 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. 2020 жылы 15 миллион шаршы метр тұрғызу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығында өнім 2,5%-ке өсті.

Қызылорда облысында мұнай өңдіру көлемі азайды және Сарыарқа құбыр жұмысының аяқталуына байланысты үш көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелді.

Жаңалықтар
0