Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
15 сәуірге жоспарланған шаралар
10.00 – Мәжілістің пленарлық отырысы. Трансляция parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Ромео мен Джульетта" спектаклі (трагедия емес, трансляция театрдың Youtube-каналында).
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
20.15 – Recenatioburabay командалық экстремалды жүгіру чемпионы Сағындықова Дженгиз онлайн жаттығу өткізеді (Трансляция @elordasport Instagram парақшасында)
21.00 – "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанна Орынбасарова онлайн концерт өткізеді (Трансляция"Қазақтелекомның" Youtube-каналында).
16 сәуірге жоспарланған шаралар
12.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" айдары. Антон Чеховтың әңгімелерін Татьяна Степанова мен Айжұлдыз Бағланова оқиды.
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
18 сәуірге жоспарланған шаралар
12.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" айдары. "Волшебное кольцо" ертегісін театр актері Әлқуат Төлеметов оқиды (Трансляция театрдың @gorkytheatre_ns инстаграм парақшасында).
18.00 – Актер Владимир Иваненконы еске алу кеші (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).
19 сәуірге жоспарланған шаралар
14.00 – Пасха мерекесіне арналған концерт (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.