НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір— Sputnik. Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жобасы 19 мамыр күні ұсынылады. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында белгілі болды.
Бейнеконференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Арменияның премьер-министрі қатысты.
"Денсаулық сақтау саласындағы әріптестікке арналған құжаттағы қарастырылған жайттарды қайта қарауды ұсынамын. Пандемия кезінде оның механизмі қаншалықты тиімді екенін бағалап, алдағы уақытта осындай жағдайлар болған кезде жедел әрекет ету жайын қарастыру керек", - деді Путин.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы 2020 жылдың 19 мамырында өтетіні айтылып отыр. Алайда жиын онлайн форматта өте ме, әлде көшбасшылар бір үстел басында кездесе ме, ол жағы белгісіз.