АЛМАТЫ, 13 cәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Ол 1979 жылы туған азамат", - делінген ақпаратта.
Осылайша Қазақстанда коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті.
Оқи отырыңыз: Алматыда 27 медицина қызметкері вирус жұқтырды, арасында жүкті әйел бар
Соңғы ақпарат бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 972 адамға жетті. 11 адам індеттен қайтыс болды, 99 адам жазылды.