Саясат

Тоқаев ЕАЭО-ның онлайн-саммитіне қатысады

© Sputnik / Тимур БатыршинФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саммитке қатысушылар онлайн режимде COVID-19-ның таралуына жол бермеу мәселесі мен одаққа мүше елдердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды

АЛМАТЫ, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады. Жиын 14 сәуір, сейсенбі күні видеоконференция форматында өтеді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланатынын айтты.

"14 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады", - деп жазды ол.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрлігі пандемия кезінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар әзірленгенін айтқан болатын. Оларды 10 сәуір күні Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында одаққа мүше елдердің премьер-министрлері бекітті.

Жаңалықтар
0