Аңдатпа

Қазақстанда 14 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 14 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 15-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

14 сәуірге жоспарланған шаралар

09.00 - үкімет отырысы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттің орындалуы талқыланады (Трансляция primeminister.kz сайтында онлайн-режимде және үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көрсетіледі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 54 91).

11:30 - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырудың қазіргі жағдайы туралы онлайн-брифинг. Спикер: Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі ("Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз). 

12:00 - Алматы қаласындағы коронавирус жұқтырудың қазіргі жағдайы туралы онлайн-брифинг. Спикер: Тілеухан Әбілдаев - Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ("Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз). 

12:30 - Шымкент қаласындағы коронавирус жұқтырудың қазіргі жағдайы туралы онлайн-брифинг. Спикер: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі ("Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз). 

13:00 - Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ режимін сақтау бойынша онлайн-брифинг. Спикер: Ержан Саденов - Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы  ("Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз). 

15:00 - Төтенше жағдай кезіндегі діни іс-шаралар туралы онлайн-брифинг. Спикерлер:
Ержан Нүкежанов - ҚР Дін істері комитетінің төрағасы; Наурызбай қажы Тағанұлы - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти; Астана және Қазақстанның митрополиті Александр - Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополит округінің басшысы ("Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз).

15.00 – "Астана Опера" театрының "Маған сұрақ қой" айдары. Эфирде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Талғат Мұсабаев (Трансляция: Instagram - @talgatmussabayev).

15.00 – Пандемия кезінде ата-аналар мен балалар тап болатын проблемаларға арналған онайн кездесу (Трансляция Қазақстандық баспасөз орталығының Facebook парақшасында, телефон: +7 701 749 02 00).

15.00 - Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі әзірлеген "Театральная живопись Гульфайруз Исмаиловой" мультимедийлық дәрісі. Карантин кезінде музей күн сайын виртуалды экскурсия, архивтегі видео, виртуалды көрме және балаларға арналған музей айдарлары бойынша трансляция жүргізеді (Музейдің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшасынан көруге болады).

17.00 – Белгібаевамен "Шығармашылық карантин". "Пилатес" – "Переменка".

21.00 – ""Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ардак Балажанова мен Клара Төренбаеваның онлайн концерті өтеді (Трансляция Қазақстелекомның Youtube-каналында).

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0