АЛМАТЫ, 13 cәуір –Sputnik. Қазақстанда коронавирустан тағы он бір адам жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
Аурудан жазылғандар арасында Нұр-Сұлтан қаласының 82 жастағы тұрғыны бар. 22 наурызда оның коронавирус жұқтырғаны анықталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық бөліміне орналастырылған.
"Науқасқа COVID-19, орташа ауырлықтағы екі жақты полисегментарлы пневмония, бірінші дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, үшінші дәрежелі артериялық гипертензия, идиопатиялық подагра диагнозы қойылған", - делінген ақпаратта.
Науқастан екі рет сынама алынған. Нәтижелері теріс болған.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты ақпарат шықты
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам ауруынан айықты. Осылайша елімізде аурудан жазылғандар саны 110 адамға жетті.
Соңғы ақпарат бойынша, елімізде 973 адам коронавирус жұқтырды, 11 адам қайтыс болды.