Өңірлер

Алматы облысы карантинге жабылады

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Медики вместе с полицейскими дежурят на блокпостах вокруг Петропавловска
Медики вместе с полицейскими  дежурят на блокпостах вокруг Петропавловска  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында коронавирусқа байланысты қосымша шаралар қабылданып, карантин енгізілетіні хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір - Sputnik. Алматы облысы сәуірдің 15-нен бастап карантинге жабылады. Өңірдің бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов тиісті қаулыға қол қойды.

Көрші облыстармен, облыстағы қалалар мен аудандардың шекарасында блок бекеттер орнатылады. 

Басқа өңірлердегі Алматы облысының тұрғындары 15 сәуір сағат 00.00-ге дейін орала алатыны хабарланды.

Әуежай, аудандық, қалалық автовокзал, автостанциялардың жұмысы тоқтатылады. Ресми такси қызметінен басқа жолаушылар тасымалына тыйым салынған.

Сауда орталықтары (азық-түліктен басқа), бизнес орталықтар, интернет және компьютер клубтары, азық-түлік емес базарлар жұмысы мен жәрмеңке өткізу, көшеде саудалау тоқтатылады.

Тағы оқыңыз: Министр бір аптадан кейін кімдер толық жұмыс күніне көшетінін айтты

 

Балабақшалар, адамдар көп шоғырланатын жерлер, діни бағыттағы нысандар жабылады. Азық-түлік дүкендері 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы мәліметке сәйкес, Алматы облысында 21 адам коронавирус жұқтырған. Төрт адам жазылды.

Жаңалықтар
0