Қоғам

Алматыда вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің жағдайы айтылды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМедицинский работник в больнице
Медицинский работник в больнице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлық қалалық ауруханада қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеру шаралары күшейтіліп отыр

АЛМАТЫ, 13 cәуір –Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев қалада ауру жұқтырған 27 медицина қызметкерлері жайлы ақпарат берді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

27 науқастың ішінде 21 әйел және 6 ер адам бар. Ішінде бір жүкті әйел бар. Екі адамда полисегментті пневмония болуына байланысты жағдайы ауыр, қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

"Коронавирус анықталған 20 қызметкер – қалалық орталық клиникалық аурухананың қызметкері. Қалған 7 науқас – балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Олар 4 сәуірде коронавирусқа тест тапсырған, нәтижесі теріс болған қызметкерлер", - деді Әбілдаев.

Сонымен қатар қалада медицина қызметкерлерін тексеру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық қалалық ауруханада қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеру шаралары күшейтілген.

Қазір Алматыда инфекциялық стационарда 122адам ем алып жатыр. 89 науқастың жағдайы қалыпты, 8 адам ауыр жағдайда жатыр. 25 ересек адамның жағдайы орташа. Ем алушылар арасында үш жүкті әйел бар.

Қала бойынша 49 адам аурудан жазылды, ішінде екі бала бар. Екі адам қайтыс болды.
Қазір провизорлық орталықтарда 186 адам бар, оның ішінде 10-ы бала, карантиндік оқшаулауда – 426 адам, үй карантинінде 6 199 адам бар.

Жаңалықтар
0