Қоғам

Алматыда коронавирус табылған дәрігерлер 300-ден аса адаммен байланыста болған

© REUTERS / YVES HERMANМедсестры в больнице с коронавирусом
Медсестры в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқастармен байланыста болған барлық медицина қызметкері коронавирусқа тексеруден өткені хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 13 cәуір– Sputnik. Алматыда коронавирус анықталған медицина қызметкерлері 316 адаммен байланыста болған. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл аурухананың қала бойынша үлкен аурухана екенін ескеру қажет. Ол жерде мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерімен байланыста болған 316 адам анықталды, барлығы бақылауға алынды", - деді Молдағасымова.

Айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған барлық медицина қызметкері коронавирусқа тексеруден өткен. 

"Үш инфекциялы қаурухана, барлық провизорлық аурухана, карантиндік клиникалар толық тексеруден өтті. Бүгінге дейін екі жарым мың дәрігерді тексеруден өткіздік. Ішінде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлар бар. Оларды емдеп жатырмыз, басым бөлігінің жағдайы қанағаттанарлық", - деді ол. 

Сонымен қатар қала бойынша науқас қай ауруханаға түскенінен қарамастан, коронавирустық инфекцияға тексеруден өткізіледі.

Молдағасымованың айтуынша, қаладағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы да карантинге жабылған. 

"Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы сол жерде коронавирус анықталған күннен бастап жабық. Науқастар басқа мекемелерге қайта бөлінді. Науқаспен байланыста болған қызметкерлер карантинде бақылауда болады", - деді Айзат Молдағасымова.

Айта кетейік, Алматыда 27 медицина қызметкерінен инфекция анықталды. Ішінде 21 әйел және 6 ер адам бар.  Бір әйелдің аяғы ауыр. Екі адамда полисегментті пневмония болуына байланысты жағдайы ауыр, қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Жаңалықтар
0