"Мақтан тұтамыз": Тоқаев әлеуметтік желіде жазба жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев провел заседание Штаба оперативного реагирования
Токаев провел заседание Штаба оперативного реагирования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекемен құттықтауын өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады

АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Президент Байқоңыр ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы деп атады. Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазба жариялап, қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады.

"Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!", - деп жазды президент. 

Ғарышкер күні 12 сәуірде аталып өтеді. 1961 жылы дәл осы күні ғарышкер Юрий Гагарин "Байкоңыр" ғарыш айлағынан "Восток-1" кемесімен тұңғыш рет ғарышқа аттанды. Ұшу уақыты 108 минут болды. 

Шамамен 60 жыл ішінде ғарышта үш қазақстандық ұшқыш-ғарышкер болды: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов.

Тағы оқыңыз: "Назарбаев елге жариялап қойыпты": Әубәкіров қалай ғарышкер болғанын айтып берді

Жаңалықтар
0