Өңірлер

Павлодар облысы карантинге жабылады

© Photo : Пресс-служба акима Костанайской областиВ Костанайской области выставили блокпосты
В Костанайской области выставили блокпосты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. 13 сәуірден бастап Павлодар облысында карантин режимі енгізіледі, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Азаматтардың жүріп-тұруы және кейбір қоғамдық маңызы бар нысандардың жұмысы бойынша қойылатын шектеулер 13 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Бұл шешімді Павлодар облысының бас санитар дәрігері коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында қабылдады.

Ертеңнен бастап облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың аумағына көліктер мен адамдардың кіріп-шығуына тыйым салынады.

Бұл шектеулердің мына санаттағы тұрғындарға қатысы жоқ: 

  • Бұл шектеулер халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін, карантинді енгізу кезеңінде стационарларда емделіп жатқан, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдар;
  • шұғыл мамандандырылған көмекке мұқтаж азаматтар; 
  • карантиндік шараларды орындау шартымен, растайтын құжаты болған жағдайда жақындарының қайтыс болуына байланысты кететін/келетін адамдар;
  • растайтын құжатты ұсынған жағдайда көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, байланыс объектілерінің қызметін жүргізуге тартылған азаматтар.

Қазіргі уақытта өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелген.  Жалпы, республикада дертке шалдыққандардың саны 880 адамға жетті.

Жаңалықтар
0