НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 2,
- Алматы қаласы - 8,
- Маңғыстау облысы - 1,
- Шымкент қаласы - 3,
- Батыс Қазақстан облысы - 1.
Осылайша, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 880 адамға жетті. 81 адам дерттен сауықты, 10 адам көз жұмды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан фармацевтикалық компанияның директоры қайтыс болды