Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
12 сәуірге жоспарланған шаралар
15.00 – "Астана Опера" театрының "Сұрақ қой" айдары. Тікелей эфирде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балерина, хореограф Гауһар Усина (Трансляция театрдың YouTube каналында жасалады).
18.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Дон Карлос" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
21.00 - Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).
15 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
16 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.