Қоғам

Тоқаев дәрігерлердің вирус жұқтырып алуының басты себебін атады

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПодготовка оборудования для искусственной вентиляции легких в больничной палате
Подготовка оборудования для искусственной вентиляции легких в больничной палате - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Қазіргі уақытта ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері

АЛМАТЫ, 10 cәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алуды тапсырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатады. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болып отыр. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек", – деді президент.

Сонымен қатар дәрігерлерді жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

"Демалыс бөлмелері мен уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн. Бұл сондай-ақ, алдыңғы шепте тұрған полицейлерге, әскери қызметшілерге, мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты. Пайдалы жұмыстарды атқарып жүрген еріктілердің қауіпсіздігі туралы да алаңдаған жөн", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы вирус жайында еш ақпараттың бүгіліп қалмағанын да атап өтті.

"Вирус ошақтарын анықтау бойынша жұмыс ашық түрде жасалады, біз ештеңе жасырып отырған жоқпыз. Жедел түрде барлық ақпаратты жариялап отырмыз, халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта коронавирустың таралуын жіті бақылау үшін тестілеу ауқымын айтарлықтай кеңейту қажет", – деді президент.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер қай өңірлерде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

"Тәтті өтіріктен ащы шындық жақсы. Бұл бірінші кезекте біздің азаматтарымыздың денсаулығы үшін қажет. Коронавирус ауыр ауру болса да, оған қарсы дәрі табылмаса да, бүгінгі заманауи диагностика мен медициналық құрылғылар көмегімен ауруды емдеуге болады. Денсаулық сақтау министрлігі адам шығынын айтарлықтай төмендетуге міндетті", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол коронавируспен күрес аяқталған соң денсаулық сақтау саласындағы барлық сұрақты жүйелеу қолға алынатынын айтты.

"Вирусқа қарсы күрестің басты батырлары – дәрігерлер, полиция мен әскери қызметкерлер және еріктілердің еңбегі монумент қоюға лайықты", – деді ол.

Жаңалықтар
0