Қоғам

Бәрі сауығып шығады: астаналық дәрігерлер жақсы болжам жасады

© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске
Больница для приема зараженных коронавирусом в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта республикада 802 адамда коронавирус табылды, оның 226-сы Нұр-Сұлтан қаласыда тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері індетке шалдыққан пациенттер толығымен жазылып шығады деп болжап отыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңін пысықтадық. Инфекциялық стационарларда жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр хәлдегі пациенттер үшін қажетті бөлімшелер құрылды. Сол себепті болжам бойынша, қалада вирусқа шалдығудың шыңы тіркелгенімен, соңында барлық пациент сауығып шығуы тиіс деп күтіп отырмыз. Басқа болжам жоспарлап отырған жоқпыз", -деді Қисықова онлайн-брифингте.

Айта кетсек, республикада 802 адамда коронавирус диагнозы расталды. Оның 226-сы Нұр-Сұлтан қаласыда тіркеліп отыр.

Астанада қауіпті вирустан 30 адам айығып шықты, бір адам қайтыс болды.

Қазақстанда көз жұмғандар саны – 9.

Жаңалықтар
0