НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесі алғаш рет бейнебайланыс арқылы отырыс өткізеді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 10 сәуір күні экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған онлайн-отырыс өтетінін хабарлады.
"COVID-19 инфекциясы таралуы кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылатын шараларды бекіту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, үкіметаралық кеңес мүшелері 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияның даму бағыттары айқындалады", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, тауарларды баж салығынсыз шекарадан өткізу, электронды сауданы дамыту тәсілдері талқыланады.