НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 764-ке жетті.
"Маңғыстау облысында - 1, Атырау облысында - 3 және Алматы қаласында тағы бір адамда коронавирус расталды", - деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
Коронавирус: соңғы мәлімет
Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан (223 адам) мен Алматы ( 121 адам) көш бастап келеді.
Қарағанды облысында - 57, Ақмола облысында - 56, Атырау облысы - 42, Жамбыл облысында - 45, Шымкент қаласында - 27, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Алматы облысында - 10, Ақтөбе облысында - 11, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 7, Қызылорда облысында - 92, Батыс Қазақстан облысында - 4, Түркістан облысында - 34, Қостанай облысында - 3.
Елу бес адам аурудан айықты. Жеті адам көз жұмды.