Аңдатпа

Қазақстанда 10 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневСкульптура у здания театра "Астана Опера"
Скульптура у здания театра Астана Опера - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 11-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

10 сәуірге жоспарланған шаралар

9:30 - Павлодар облысындағы коронавирус індеті бойынша онлайн-брифинг ("Хабар24" телеарнасы және coronavirus2020.kz сайтында көрсетіледі).

10.00  - 13.00 -  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді. Конференцияға қатысуға ниет танытушалар  egov.kz сайтынан көре алады ("Ашық диалог" бөлімі, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы көре аласыз).

12:00 - ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру бойынша онлайн-брифинг. Спикер: Серік Боранбаев - ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары ("Хабар24" телеарнасы және coronavirus2020.kz сайтында көрсетіледі).

16:00 - Қытайдан келген дәрігерлермен тәжірибе алмасу жайлы онлайн-брифинг. Спикерлер: Айжан Есмағамбетова – ҚР Бас санитарлық дәрігер, Мағрипа Ембергенова – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық департаментінің директоры, Сәуле Қисықова – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Лу Чэнь – ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық емханасы бас дәрігердің орынбасары, Лу Сяобо - жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер ("Хабар24" телеарнасы және coronavirus2020.kz сайтында көрсетіледі).

18:00 - Еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша жағдай онлайн-брифинг. Спикер: Ботагөз Жақселекова – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы ("Хабар24" телеарнасы және coronavirus2020.kz сайтында көрсетіледі).

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Кармен" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

11 сәуірге жоспарланған шаралар

15.00-  "Самая таинственная повесть А. С. Пушкина" онлайн-сабағы болады. Апта сайын сенбі күні сабақты Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының YouTube-каналында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Ілиясова өткізеді.

18.00 – "Астана Опера" театрының гала-балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Рысқали мен танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

12 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Дон Карлос" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 - Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0