Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушіден коронавирус табылды

© Sputnik / Болат ШайхиновТаксист, архивтегі сурет
Таксист, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушімен байланыста болған адамдар анықталды, әкімдік тұрғындарға тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Елордада коронавирус жұқтырған жекеменшік такси жүргізушісі стационарға жатқызылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Такси жүргізушімен жақын байланыста болған адамдар анықталған.

Астана әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді.

"Карантин басталғалы бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізу туралы талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда, тасымалдаушыларға айыппұл салынады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус дертіне шалдыққандардың саны 223 адамға жетті.

9 сәуірдегі деректерге сүйенсек, 202 адам инфекциялық стационарда (оның 10-ы Ақмола облысынан) жатыр, науқастармен жақын араласқан 930 адам үй карантинінде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қанша полицей вирус жұқтырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласында індеттен 30 адам емделіп шықты.

Қалада барлығы 13 нысан карантинге жабылған. Олардың арасында медициналық ұйымдар, жатақхана, №1 автобус паркі, тұрғын үй кешендерінің кіреберістері бар. 8 нысан карантиннен алынды.

Сонымен қатар, Комсомольский, Ильинка, Промышленный, Заречный, Интернациональный, Железнодорожников, Өндіріс, Юго-Восток елді-мекендері дезинфекцияланып жатыр.

19 наурыздан бастап астана карантинге жабылған. 

Жаңалықтар
0