Әлем

Нарықты бірге сақтаймыз: ОПЕК+ келіссөзі қандай нәтиже беруі мүмкін

© AP Photo / Hans PunzАрхивное фото вывески на здании, где расположена штаб-квартира ОПЕК в центре Вены
Архивное фото вывески на здании, где расположена штаб-квартира ОПЕК в центре Вены - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОПЕК+ энергетика министрлерінің бұл жолғы кездесуі аталған ұйым тарихындағы ең маңызды шаралардың бірі болады. Негізгі тақырып – бірнеше аптада екі есеге төмен құлдыраған бағаны тежеу ​​үшін мұнай өндірісін қысқарту

Алайда бұл басқосудан ерекше келісім күтудің қажеті жоқ, деп жазады РИА Новости.

Арабтардың қулығы

Бүгінгі отырыста қызу пікірталас болатыны сөзсіз, әйтсе де, мұнай өндірісін тәулігіне он миллион баррельге дейін қысқарту бұған дейін келісіліп қойған еді. Сауд Арабиясы өз өндірісін үш миллион баррельге дейін қысқартуға дайын. Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Ирак және Ресейге бір жарым миллионға дейін қысқарту ұсынылып отыр.

Архивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Коронавирус ОПЕК-ке қалай әсер етті
Бір қарағанда, бұл Ресей үшін тиімді: ОПЕК-тің жетекші елдерінің деңгейімен бірдей және саудиялықтардан екі есе аз. Яғни, бұл әлемдік мұнай нарығындағы ресейлік үлестің төмендемейтінін білдіреді.

Алайда арабтар қулыққа барып отыр. Өйткені ОПЕК елдері сәуір айында өндірісті күрт арттырған еді. Оның ішінде Сауд Арабиясы 2,5 миллион баррельге дейін өсірді. Осылайша, Эр-Рияд уәде еткен үш миллион бар-жоғы жарты миллионға айналады.

БАӘ өндірісті миллион баррельге, Ирак 200 мыңға арттырды. Ал Ресей наурыз айының деңгейін сақтап қалды. Нәтижесінде, Мәскеу бір жарым миллион баррельді айналымнан шығаруы тиіс.

Мәскеу мұны жақсы біледі. Сондықтан Ресейдің бүгінгі келіссөздегі басты шарты – қысқартылатын мұнай көлемін наурыздағы өндірістен есептеу керек. Сауд Арабиясы бұған келіспейді, сондықтан ОПЕК-тің жаңа келісімін жасау мүмкіндігі өте аз. 

Жұмаға дейін күтейік

Бұл тығырықтан шығар жол әлі де бар. ОПЕК+ қатысушылары осы уақытқа дейін өндірісін тек ұлғайтып келген америкалықтарға нарықты беріп қоюдан орқады. Егер АҚШ өндіріс көлемін одан әрі өсірмеуге міндеттелсе, онда бәрі әлдеқайда жеңіл болар еді. Алайда Вашингтон ОПЕК+ келіссөзіне қатыспайды.

Есесіне ертең, 10 сәуірде АҚШ энергетика министрлігінің басшысы Дэнни Бруйетт "Үлкен жиырмалыққа" кіретін елдердің энергетика министрлерінің кездесуіне қатысады. Міне, осы жерде мұнай нарығын тұрақтандыратын шешімдер қабылдауға мүмкіндік болады. 

Рас, Вашингтон бұған дейін жеке мұнай компанияларына қанша мұнай өндіру керектігін айтуға құқығы жоқ екенін ескерткен. Дональд Трамп атап өткендей, бәрін "ұсыныс пен сұраныс" анықтайды.

"Бұл автоматты түрде болып жатыр. Америкалық компаниялар өндірісті қысқартуда", – деп мәлімдеді АҚШ президенті дүйсенбі күні.

Шынында да, сейсенбіде ExxonMobil капитал салымын 30%-ке қысқартқаны туралы хабарлады. Бұл келесі жылы мұнай өндірісін күніне 100-150 мың баррельге азайтады. Chevron компаниясы инвестицияларды 20% төмендетуге ниетті, оның ішінде тақтатас мұнайын қаржыландырудан бас тартпақ (бұл мақсатқа екі миллиард доллар бөлу жоспарланған).

Пробирка с пробой коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін әйелден коронавирус табылды
Мұндай әрекеттен ірі тақтатас компанияларының бірі Continental Resources те шет қалған жоқ.

"COVID-19 індетінің салдарынан мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік сұраныс 30%-ке төмендеді. Сәйкесінше, біз сәуір мен мамыр айларында өндірісті осы көлемде қысқартамыз", – деді атқарушы директор Билл Берри.

Сәрсенбіде АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасы биылғы мұнай өндірісінің жоспарына өзгеріс енгізді: тәулігіне 12,99 емес, 11,8 миллион баррель.

Егер жұма күні тараптар келісімге келмесе, нарық қатты күйзеліске ұшырайды. 

"Біз Brent сәуірде барреліне он долларға дейін түседі деп болжап отырмыз және ол екінші тоқсанда осындай деңгейде қалуы мүмкін",– дейді IHS Markit сараптамалық компаниясының вице-президенті Виктор Шум:

Ал Fitch агенттігінің сарапшылары қара алтын бағасы ең төменгі көрсеткіштерге түседі деп болжап отыр.

Жаңалықтар
0