Қоғам

Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты бірыңғай жиынтық төлем өзгере ме

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, тиындар
Ақша, тиындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалаларда бірыңғай жиынтық төлемі 2 651 теңгеге, ал елді мекендерде 1 325 теңгеге тең, оның мөлшері өзгермейді

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Айлық есептік көрсеткіштің өзгергеніне қарамастан бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері сол күйінде қалды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін өтініш бермей тұрып, бірыңғай жиынтық төлемін төлеуі тиіс. БЖТ мөлшері қала үшін 1 АЕК-ке, ал ауылдарда 0,5 АЕК-ке тең. Яғни, тиісінше 2 651 теңге және 1 325 теңге", - деп мәлімдеді министрліктен.

Кейбір банктің қосымшасында сәуірден айлық есептік көрсеткіштің 2 651 теңгеден 2 778 теңгеге дейін өсуіне байланысты БЖТ-ның жаңа мөлшері көрсетілген. Бұл қате.

Қаржы министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.

"БЖТ мөлшері өзгермейді. Өйткені Салық кодексінің 775-бабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемін есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшерін есепке алып белгіленеді", - деді ведомстводан.

БЖТ деген не

БЖТ құрамына төрт бірдей төлем кіреді:

  • жеке табыс салығы
  • міндетті зейнетақы жарнасы
  • әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар

БЖТ төлеген азамат мына мүмкіндіктерге ие болады:

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу, базалық зейнетақы алу
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу
  • әлеуметтік төлемдер алу

42 500 теңгені кімдер алады

Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтар ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Бұл санатқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар да кіреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қымбаттады

Әлеуметтік төлем бір рет тағайындалады, бірақ төтенше жағдай аяқталғанға дейін төленеді.

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • карантин жарияланған елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан қызметкерлері;
  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын, міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар.

Әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Жаңалықтар
0