Қоғам

Сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақыны қаншаға өсірді

© Sputnik / Болат ШайхиновБанкнота номиналом 500 тенге
Банкнота номиналом 500 тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялауға байланысты тұрғындар қандай үстемеақы алатыны айтылды. 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматовтың айтуынша, қазір Алматыда 589 177 адам зейнетақы мен жәрдемақы алып отыр. Оның ішінде 230 мың адам жасына байланысты зейнетақы алады. Барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы 10%-ке артады.

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін жасы және еңбек еткен жылдарына қарай тағайындалған зейнетақы мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5%-ке артады.

"Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 5%-ке ұлғайды. Қазір тағы 5%-ке артып отыр, қосқанда 10% шығады", - деді Нарматов.

Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіште 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды.

Тағы оқыңыз: 42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды

Сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге болып бекітілді. 

Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңге (өзгеріс енгізілгенге дейін - 38 636 теңге), ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (31 183 теңге болған), базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңгені (16 839 болған), ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгені (өзгеріссіз қалды) құрайды.

Жаңалықтар
0